Жас ұрпақ біздің болашағымыз, сондықтан жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Осыған орай №198 жалпы білім беру мектебінің хат арқылы сұранысына сәйкес:

ШЖҚ «№28 қалалық емхана» МКК әкімшілігігің бастамасымен демеушілер іздестіру нәтижесінде «Нұранай-Аналар» ұйымының төрайымы – Муратова Жақангер Ахатовна демеу беруге ниет танытып, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасы тобындағы 10 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар, спорттық киімдер, сөмкелермен қамтамасыз етіліп, жалпы құны 150 000 тенгеге қайырымдылық көрсетілді. Ең бастысы, көмекке мұқтаж отбасындағы балаларды мектепке даярлауға ерекше көңіл бөлінді.Сондықтан осындай шараларды қолдау, еліміздің көркейіп, балаларымыздың мұқтаждық көрмей, жаксы білім алуына мүмкіндік туады. Демеушілік көрсеткен « Нұранай-Аналар» ұйымына шексіз алғысымызды білдіреміз.